USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Аягөздегі мектеп 20 жылдан бері оқушыларға көлік жүргізу сабағын өткізіп келеді

  • 109
Аягөздегі мектеп 20 жылдан бері оқушыларға көлік жүргізу сабағын өткізіп келеді

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында оқушылар үшін қосымша мамандықтар игеруге барынша жағдай жасалған.

Шаһардағы №5 орта мектепте 20 жылдан бері көлік жүргізу сабағы жүргізіліп келеді. Білім ордасының жоғарғы сынып шәкірттері 2 жыл бұл саланың қыр-сырын меңгереді. Ол үшін арнайы оқу бөлмелері жабдықталған. Теориялық білім алудан өзге жеңіл және ауыр көліктерді жүргізуге де көңіл бөлінген. Әрбір талапкердің 70 сағаттық тәжірибеден өтуі қадағаланады. Жыл сайын мектептің 160 оқушысы В және С категориялары бойынша білім алып шығады.

Айнұр Қанапиянова, мектеп директоры:

 – Болашақта «Д» категориясын, яғни автобус жүргізушілерін үйретсек деген ойымыз бар. Өйткені мектеп балансында автобусымыз бар. Бұл куәлікпен жұмысқа кірсе де, әскерге барғанда жүргізуші болса да көп пайдасы бар деп ойлаймыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде