USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Алматыда азаматтық қоғамды дамытуға арналған халықаралық конференция өтті

Алматыда азаматтық қоғамды дамытуға арналған халықаралық конференция өтті

ТМД, Еуропа, Африка, Азия мен Американың 20 мемлекетінен келген 200-ден астам делегат жеке бастамалар мен мемлекеттік қолдауды ұштастыра отырып әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Конференцияны «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы», еліміздің Сыртқы Істер министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен үкіметтік емес ұйымдар бірігіп ұйымдастырып отыр. Спикерлер әлеуметтік саладағы инновациялар, әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландырудың баламалы үлгірелі мен қоғамдық сананы өзгерту жайында ойларымен бөлісті. Танымал параспортшы Михаил Бычковский өмірден түйгенімен және қиындықты қалай жеңгені туралы көпшілікке айтып берді. Ал Ауғанстаннан келген Манижа Пактин әйелдің таңдау құқы бар екенін және кәсіппен айналысып туған еліне көмектесуге болатынын өз ісімен дәлелдеп отыр. Ол Ауғанстанда құрылыс компаниясын құрған алғашқы әйел. Биыл ол әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлыққа ие болды. Ал Оңтсүтік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданынан келген Сардор Исманов туған ауылында онлайн-телевидение ашып, ауыл балаларына ағылшын тілін үйретіп жүр.

Сардор Исманов, «Жалынды жастар» ҚБ төрағасы:

- Онлайн-телевизия мақсаты бұл ауыл жастарының белсенділігін көрсету, жұмыстарын көрсету. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік мәселелерін көтеру. Бұл жерде ең қызығы, ең алғашқы Қазақстан бойынша біздің жаңалықтарымыз ағылшын, орыс және қазақ тілінде шығады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде