USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Маңғыстау облысында киім тігетін кәсіпорын өнім түрлерін көбейтпек

Маңғыстау облысында киім тігетін кәсіпорын өнім түрлерін көбейтпек

Маңғыстау облысындағы қаракөл терісінен киім тігетін жалғыз кәсіпорын өнім түрлерін көбейтіп, өткізу нарығын кеңейтуде.

15 жылдан бері жергілікті мұнайшылардың тапсырысын орындап келген өндіріс ошағының қызметкерлері жалпы халыққа арналған тон мен кеудешелер де тіге бастады. Ал алдағы айдан бастап қазақстандық әскерилердің де сұранысын қанағаттандырмақ.

Қаракөлден киім тігетін кәсіпорын шалғайдағы шағын ғана Сенек ауылында орналасқан. Мұнда 20 адам еңбек етеді. Елтіріні алдымен тұздап, жуып, тазаратып болған соң, бірнеше мәрте илейді. Өңделген теріден күніне 40 қолғап, осыншама жылы шұлық пен оншақты тон тігіледі.

Өндіріс ошағы негізінен кен орындарында еңбек ететін жұмысшылардың тапсырысын орындайды. Қаракөл терісі – жылы әрі бірнеше жылға шыдас беретін сапалы өнім. Сондықтан да мұнайшылар 15 жылдан бері осы кәсіпорынның киімдерін киіп келеді. Ал былтырдан бастап қаракөл сәнге айналғалы кәсіпорын жалпы халыққа арналған күнделікті киімдерді де тігіп сатуда.

Мұханбет Темірханов, цех меңгерушісі:

- Өзімізде қой бар. 10 мыңдай қаракөліміз бар. Үлкейген қойлардың қозысын сояды. Қартайған қой дейді ғой. Болмаса жеке адамдардан аламыз, сатып аламыз.

Қой шаруашылығымен айналысатын ірі серіктестік биылдан бастап көк түсті қаракөл өсіруді де қолға алды. Болашақта қаракөлдің бұл түрін 10 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Кәсіпорын басшыларына қара түсті қаракөлден өзге көк, сұр түсті елтіріге сұраныс түсе бастады. Алдағы айдан бастап осы сұр, көк түсті қаракөлден әскери қызметшілерге арналып бас киімдер мен жағалар тігілетін болады.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде