USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Шымкенттегі емханада дәрігер қабылдауына кедергісіз тіркеу бөлімі ашылды

  • 113
Шымкенттегі емханада дәрігер қабылдауына кедергісіз тіркеу бөлімі ашылды

Дәрігердің қабылдауына жазылу мен оны үйге шақыру енді жылдам әрі кезексіз болмақ.

Шымкенттегі қалалық емханалардың бірінде алғашқы «кедергісіз» тіркеу бөлімі ашылды. Ол үшін дәрігер қабылдауына жазылуға көмектесетін «анықтама үстелі» мен нөмір беретін терминал қойылды. Сондай-ақ арнайы мобильді қосымшаны қолдануды үйрететін ақпарат орталығы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, «Цифлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасында онлайн режимде дәрігерлер мен медбикелердің жұмысын қадағалап, бақылайтын орталық ашылды. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласында туындаған мәселелерді жедел шешуге, медициналық қызмет сапасын жақсартуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді, дейді облыстың бас дәрігері.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-  Ашып жатқан себебіміздің біреуі бұл тез жүйе де басқаруға өз септігін тигізеді, одан бөлек мына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бұл тұрғын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді ме? соны бақылап отыратын боламыз. Бұл да сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз септігін тигізеді деген  ойдамыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде