361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да орман өрті өршіп тұр

  • 195
ШҚО-да орман өрті өршіп тұр

Шығыс Қазақстанда қапырық күн райы салдарынан дала өрті өршіп кетті.

Өткен демалыс күндері өңірде осындай 50-ден астам оқиға тіркелді. Оның 15-і Өскемен қаласының шеткі аймақтарында болған. Дала өртінің көптігі соншалық, тіпті өткен түні облыс орталығын толықтай көк түтін басып қалды. Төтенше жағдайлар қызметі өрт қаупінің артуына орай күшейтілген тәртіптегі жұмысқа көшті. Қазір әуежай маңындағы Ертіс өзені ортасында орналасқан шағын аралда жеке құрамның 20 маманы тілсіз жауды сөндірумен айналысып жатыр. Ол жерге бару қиын болғандықтан құтқарушылар қайықпен жеткізілді.  Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған  жоқ.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Өрттен төніп тұрған қауіп жоқ, қазір ол жердегі жұмыс толық аяқталуға жақын. Дегенмен, Жарма, Күршім аудандары сияқты алыс аймақтарда дала өрті болып жатыр. Ол жақтарда біздің мамандар өртті сөндіріумен айналысуда. Ал тұрғындарға мынадай аптап ыстықта өрт қауіпсіздігін сақтап, абай болуды ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы