352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде браконьерлер 12 млн теңге залал келтірген

  • 148
Ертіс өңірінде браконьерлер 12 млн теңге залал келтірген

Павлодар облысында браконьерлерден келген шығын көлемі 12 миллион теңгеге бағаланды.

Табиғатты қорғау полициясы Ақтоғай ауылында заңсыз балық аулаумен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру кезінде одан салмағы 51 келі болатын 190 дана бекіре балығы алынды. Сонымен қатар моторлы қайық пен ау тәркіленді. Бұл – осы жылы құнды балық аулауға қатысты тіркеліп отырған ең ірі оқиға. Бұған дейін 4 және 7 келі сүйрік аулаған облыс тұрғындары ұсталған болатын. Қазір өңірде «Уылдырық-2018»  алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Бір ай көлемінде заңсыз балық аулаудың 76 дерегі анықталыпты. Бекіре аулаға қатысты 4 оқиға тіркелді.

Азамат Исеев, облыстық ІІД табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы:

- Болжам бойынша келтірілген залал 12 миллион теңгені құрады. Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы