352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-да «Қымызмұрындық» фестивалі өтті

  • 364
ОҚО-да «Қымызмұрындық» фестивалі өтті

Құнан қымыз, дөнен қымыз, уыз қымыз, жазғы қымыз, түнемел қымыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында өткен «Қымызмұрындық» фестивалінде ұлттық сусынымыздың осындай түрлері жұрт назарына ұсынылды. Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Ынтымақ пен еңбектің, бірлік пен татулықтың мерекесі. Сондай-ақ іс-шара аясында қымыз баптаушылар сайысы мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Бұдан бөлек, құлынды бие және сәйгүліктердің шеруі, ұлттық ат спорты түрлерінен көріністер және қымыз ішу сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар өңірдегі барлық аудан, қалалар киіз үй тігіп, оны безендіріп, этноауыл ұйымдастырып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальге Түлкібас ауданының үміткерлері қымыз баптаудан бас жүлдені иеленді. Тау баурайында бапталған бал қымызға жұртшылық риза болып тарқасты.

Хабар 24 телеарнасы