352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда «Жайықтың қасиетті жерлері» атты жоба аясында форум басталды

  • 274

Оралда «Жайықтың қасиетті жерлері»  атты жоба аясында республикалық өлкетанушылар форумы  басталды.

Мақсат – Жайықтың қасиетті жерлерінің жүйелі түрде ғылыми  зерттелуіне жол ашу, тарихи-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау.

 «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі шаралар барысында өлкетанушылар өңірдегі «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» тізіміне енген «Жайық қалашығы», «Тақсай кешені», «Жымпитыдағы Алаш-Орда үйі», «Жұмағазы хазірет кесенесі», «Ғұмар Қараш жерленген жер», «Бөкей Ордасы тарихи-музей кешені» мен «Дәулеткерей Шығайұлы кесенесін»  көріп, тарихымен тереңірек танысады. Форумның алғашқы күні Ақтөбе және Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің жылжымалы көрмелері ұйымдастырылды. Онда қос өңірден шыққан тарихи тұлғалар мен олар тұтынған құнды заттай жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар оралдық музей мамандары да өлке тарихын дәріптеуге арналған түрлі іс-шараларды көрермен назарына ұсынды.   

Мирболат Ерсаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

-  Біздер осы «Музей түнін» соңғы 4 жылда жоғары деңгейде көрсетіп келе жатырмыз. Бүгінгі түнгі музей шарасының ерекшелігі бұл бұрынсоңды ойналмаған тарихи тұлғаларды көрсетеміз. Биыл Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланғалы отыр және Дина Нұрпейісованың бейнесін және де Қыз Жібек пен Төлегенді көрсетеміз деген ойымыз бар.      

Айбек Ертеміров, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

- Бұл өлкетанушылар форумы рухани жаңғыру бағдарламасының аясындағы үлкен бір нәтижесі деп айтуға болады. Тек батыс өңірі емес, бүкіл қазақстандық өлкетанушылардың бір дөңгелек үстелде отырып «Қасиетті Қазақстан» жобасы барысындағы негізгі құнды мәліметтерді келтіруі осы форумның басты ерекшеліктерінің бірі деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы