361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мал шаруашылығы фермаларының санын 80 мыңнан асыру көзделді

  • 194

Елімізде алдағы он жылда ірі қара, қой және жылқы шаруашылығымен айланысатын фермалардың санын 80 мыңнан асыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар пайдаланылатын жайылымдар аумағын 58 миллионнан 100 миллион гектарға кеңейту жоспары бар. Мұндай деректі бүгін ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев жеткізді. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін қожалықтарға мал басы мен техника сатып алуға 4 пайыздық жеңілдікпен 15 жылға несие және жайылымдарды суландыру үшін 80 пайыздық субсидия беріледі. Тек мал емес, құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы да жетілдірілмек. Бұл бағытта жаңа кәсіпорындар салынып, қолданыстағы фабрикалар жаңартылады. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде құс етінің өндірісін 4 есеге ұлғайту жоспарланған.

Арман Евниев, ҚР Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Аталған өзгерістер өңірлерде, әлеуметтік желілерде жан-жақты талқыланып, агробизнес және инвесторлар тарапынан қолдау тапты. Мақсатымыз бен жоспарларымыз оларға түсінікті. Алайда бізге «осының бәрі қалай жүзеге асырылады» деген сұрақтар қойылуда. Әрине бұл міндетке дәстүрлі тәсілмен ғана қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтанда біз салалық бағдарламаларды іске асыруда жобалық тәсілдемені енгізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы