USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Бас прокуратура Астана-Алматы пойызы машинисінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

  • 194
Бас прокуратура Астана-Алматы пойызы машинисінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін түрлі ақпараттық агенттіктерде Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы локомотивін басқарған машинисі полиция ұстағандығы туралы шындыққа сай келмейтін ақпарат жарияланды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және оның барысында ұстау жүргізілмегендігін ресми түрде хабарлаймыз.

Теміржол оқиғасына қатысты Инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылды.

Тергеп-тексеру барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының талаптарына сай шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.

Осыған байланысты ақпарат агенттіктерін материалдарды жариялау барысында уәкілетті органдардың ресми хабарламаларына сілтеме жасауды, сондай-ақ Заңның 19,21-баптарының талаптарына сай бұқаралық ақпарат құралдарында аталған факті бойынша мәліметті теріске шығару туралы ақпарат беруді сұраймыз, деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде