USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Сарапшылар Шымкенттің республикалық маңызы бар қала атануына қатысты пікір білдірді

Сарапшылар Шымкенттің республикалық маңызы бар қала атануына қатысты пікір білдірді

Шымкент – оңтүстіктің ғана емес, Алаштың рухани әрі мәдени орталығы.

Еліміздегі демографиясы тұрақты дамыған аймақтың бірі. Қазақстанда өмірге келетін әрбір төртінші сәби Шымкентте туылады. Климаты ыстық, шөбі шүйгін, жері құнарлы. Оңтүстікте өсірілген жеміс-жидек пен дәнді дақылдар тонналап арысы Орталық Азияға, берісі Ресейге асады.

Саят Жөкен, саясаттанушы:

– Елбасының бұл шешімі – тарихи шешім. Ол оңтүстікті дамытуға бағытталған үлкен қадам дер ем. Себебі қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас дамып келеді. Шымкент сауда-экономикалық орталыққа айналады. Түркістан облысының құрылуы да маңызды қадам. Себебі Түркістан сөзінің мағынасы тереңде жатыр. Географиялық атау ретінде санамызға оралуы керемет оқиға.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде