USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Еліміз сиыр еті экспортынан 2,5 млрд доллар табыс таппақ

  • 120
Еліміз сиыр еті экспортынан 2,5 млрд доллар табыс таппақ

Қазақстан сиыр еті экспортының арқасында 2,5 миллиард доллар табысқа қол жеткізе алады.

Бұл туралы бүгін Үкіметте Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев хабарлады. Оның айтуынша, елде оған қажетті жайылымдар мен жұмысшылар жеткілікті. Отандық ет өнімдері Қытай, Иран, Сауд Арабиясы мен Вьетнам мемлекеттерінде сұранысқа ие. Евниевтің айтуынша, ведомство өкілдері ет, сүт, құс еті, суармалы егістіктер мен қант өндіру салаларын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірледі.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Ішкі нарықтағы сұраныс негізгі біз өндіретін тауарлармен артығымен қамтылған. Сондықтан экспорттық потенциалын анықтау керек. Сиыр және қой еті потенциалы жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жылдық экспорты 1,4 млрд АҚШ доллары болса, ет экспортын 2,6 млрд долларға жеткізуге болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде