USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Газдың бір текше метрі 44-50 теңге аралығында болады

  • 115
Газдың бір текше метрі 44-50 теңге аралығында болады

Еліміздегі ең қымбат газ бағасы Астанада тіркелуі мүмкін.

Алдын ала болжам бойынша, оның бір текше метрі 44-50 теңге аралығында болады деп көзделіп отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру жиынында хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешеді. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Осы кезде 170-тен астам елді мекенге газ тартылады. Құрылыс жұмыстары біткен соң газ бағасы белгіленеді. Ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жағдайы ескеріледі. Министрлік бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдіктермен жұмыс жүргізеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Елбасы тапсырмасымен «Сарыарқа» газ құбыры жобасын іске асыру басталды. Жеткізілетін табиғи газ бағасын шамасымен есептеп қойдық. Әрине, нақты тариф тендер өткеннен кейін белгілі болады. Техникалық экономикалық негіздеме бойынша жоба құны 267 миллиард теңге, сондай-ақ өз тарифімен таратушы желілер болады. Осының бәрін ескере келгенде газ тарифі 44-50 теңге аралығында болады деп отырмыз. Әрине, бұл – елдегі ең жоғарғы баға. Бірақ ол осы магистральдық газ құбырына салынған инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз етпек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде