USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Сарапшы: Түркістан шағын қалалардың дамуына серпін береді

  • 132
Сарапшы: Түркістан шағын қалалардың дамуына серпін береді

Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы тек қана көне шаһарды емес, сонымен қатар төңіректегі Кентау, Жетісай, Шардара, Сарыағаш сияқты қалалардың дамуына серпін береді.

Семейлік әлеуметтанушы ғалым Айрат Базеновтың ойы осы. Оның пікірінше, Елбасының бұл шешімі – тәуелсіз еліміздің экономикасының аяғынан нық тұруының дәлелі. Және аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің де қарқынды дамып, жаңа ірі өндіріс ошақтарының пайда болуына сеп болмақ.

Айрат Базенов, әлеуметтанушы ғалым:

– Облыс мәртебесін алу Түркістан аумағында орналасқан Кентау қаласындағы кен орындарының қарқынды дамуына, кәсіпорындардың ашылуы мен туризмнің дамуына мүмкіндік көбейеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде