USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Астанада әлеуметтік еңбек қатынастарына арналған кәсіподақ конференциясы өтті

Астанада әлеуметтік еңбек қатынастарына арналған кәсіподақ конференциясы өтті

Еліміздегі кәсіподақтар жастарды жұмысқа орналастыруға жұмылдырылуы тиіс.

Астанада әлеуметтік еңбек қатынастары сөз болған конференцияда осындай пікір айтылды. Мәселен, елдің солтүстігінде жұмыс күші жеткіліксіз, жұмыссыздарды сол өңірлерге тартқан жөн екен. Ал өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мемлекетке бірыңғай жиынтық салығын төлеуі тиіс. Осылайша бала күтуші, такси жүргізушісі, сән қызметкерлері медициналық көмек, несие алуға құқылы болады. Әзірге бұл жоба қаралу үстінде. Төлем көлемі  шамамен қалалықтар үшін айына 2405 теңге, ауылдықтар үшін 722 теңге болуы мүмкін. Сондай-ақ «кәсіподақтар жұмысшыларының біліктілігін арттыруға жағдай жасаса игі» деді сарапшылар.

Мансұрхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Нарықтық экономикада барлық кәсіпорын 90 пайыз жекеменшік кәсіпкерлердің үлесінде, қарапайым жұмысшы жақсы маман болу керек. Сондықтан бірінші әлеуметтік еңбек қатынасы деген кезде басты мәселе кәсіподақ ұйымдарының бірі басты мінддеттерді бірі жұмысшылардың біліктілігін арттыру керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде