352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды

  • 228

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков киелі Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды.

Олар жаңа облыс орталығының бас жоспарымен және даму қарқынымен танысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Көне Түркістанның тарихи бөлігін жаңарту жобасы туралы айтып берді. Осыған байланысты 2026 жылға дейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасын көркейту жұмыстарына ден қойылмақ. Жұмыс сапары барысында үкімет басшысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан «Отырар» жаңа ауданы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік лицейіне бас сұқты. Еске салайық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысына өзгертіліп, оның орталығы ретінде Түркістан қаласы бекітілді. Ал Шымкент шаһары республикалық маңызға ие қала мәртебесін алды. Бүгінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Түркістанды түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша байқау жарияланбақ. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев пен Әділбек Жақсыбеков қалалық және облыстық маслихаттардың кезектен тыс отырыстарына да қатысты.

Хабар 24 телеарнасы