352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан аумағы алып құрылыс алаңына айналады

  • 416

Түркістанда мың жарым гектар жерге жаңа құрылыс салынады.

Оның ішінде әкімшілік-іскерлік аумаққа деп бөлінген 60 гектарға әкімдік, басқармалар және өзге мемлекеттік мекемелерге арналған, ғимараттар бой көтереді. Бар өзгеріс тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталып жатқаны анық. Түркістандықтар мұны қалай қабылдап жатыр?

Қамбар Бекенов, тілші:

- Түрленіп, жаңғырып, жасаруды бастан кешетін Түркістан аумағында көп ұзамай 11 көп қабатты үйдің құрылысы басталады деп күтіліп отыр.  

Сондай-ақ жаңа пайда болған шағын аудандарда мектеп, балабақша, емхана және тағы басқа әлеуметтік нысандар салынады. Қазірде инфрақұрылымдық жобалары жасалып, бірнеше нысанның құрылысы басталып та кеткен. Қала тұрғындары санының артуына байланысты мемлекеттік және жеке серіктестік аясында жаңа автовокзал салу жоспарланып отыр. 

Түркістанда серпін алатын жобалар жөнінде сала маманын сөзге тартқан едік. Сұхбатқа зер салсақ.

Жандос Тасов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Әкімшілік орталығының көшуіне байланысты жалпы қала көлемінде үлкен серпін беретін шара болайын деп тұр. Қаланың барлық бағытында қала дамитын болады. Транспорттық үлкен вокзал, автобекеттер бәрі ретке келтіріп, жаңа форматта заманауи үлгіде салынатын болады. 

- Бар өзгеріс тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталып жатқан анық. Түркістандықтар игілікті сезініп жатыр ма?

Қамбар Бекенов, тілші:

- Түркістандықтар қала көшелері түзеліп, қас-беті заманауи нұсқада әрленген нысандардың көбейіп жатқанына қуанышты. Тұрғындар пікірін тыңдап көрсек.

Арман Нақыпов, қала тұрғыны:

- Қаланың жолдары үлкейіп, кеңейіп, зәулім ғимараттар түсіп, өмір сүру деңгейіміз жоғарылап, үлкен мәдени, тарихи қаламыз гүлдене түседі деп халық өте қатты қуануда.

Бағлан Тәшімов, қала тұрғыны:

- Спорт кешені салынуына, әуежайдың да салынуына, жастардың қыдыратын, демалатын орын салынуына соның үлесі болады есептеймін. 

Қамбар Бекенов, тілші:

- Қала әкімшілігіне қарасты 35 елдімекенді де оң өзгерістер күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы