USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттануға дайын

Қазақстандық 120 бітімгер Ливанға аттануға дайын

120 жауынгерден тұратын қазақстандық бітімгерлер Ливандағы миссияға қатысуға дайын.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді. Оның айтуынша, Ливанда біздің әскерилеріміз үнділік контингент құрамында қызмет етпек. Осы бағытта меморандум бекітуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Миссияға аттанған  әскери қызметкерлер  жергілікті патрульдік шаралар бақылау жазбаларын орнату және оқ атпау режимін сақтаумен айналысады. Бітімгерлерге үш еселенген жалақы төленеді. Оған қоса БҰҰ әрбір жауынгерге ай сайын 1410 доллардан береді Денсаулығын жақсартуға Қазақстан тарабы да, халықаралық ұйым да қаржы бөледі.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары: 

- Бұл бастама БҰҰ-ның жарғысы 43 бабының мазмұнына сәйкес келеді және оған байланысты ұйымға мүше мемлекеттер барлығы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін қарулы күштерді басқада көмекпен қызмет көрсетудің тиісті құралдарын беруге міндетті. Бізді жоспарымызға сәйкес біздің ротаны аталған миссияға келе жатқан қараша айына дейін дейін жіберуді жоспарлап отырмыз. Әр алты ай сайын ротаның жауынгерлерін ауыстырып тұратын боламыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде