363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында өртенген автобустың иесіне халықаралық іздеу жарияланды

  • 128

Осы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысы аумағындағы тас жолдың бойында өртенген автобусқа қатысты қылмыстық іс Ырғыз аудандық сотына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласынан  Ресейге бет алған қоғамдық көлікте аяқ астынан өрт тұтанып, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан еді. Қазір 5 адамға айып тағылып отыр. Олардың үшеуі автобус жүргізушілері. Сонымен бірге «Азия транзит сервис» серіктестігінің құрылтайшысы мен механигі де сот алдында жауап беретін болды. Құрылтайшыға Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша, яғни екі және одан да көп адамның өліміне себеп болған автобусты техникалық ақаулығына қарамастан қолданысқа шығарды деген айып тағылды. Одан бөлек жалған құжат рәсімдегені анықталған. Көлік жүргізушілері соттың санкциясымен қамауға алынса, кәсіпорын басшысы мен механик кепілдік арқылы босатылды. Ал автобустың иесіне халықаралық іздеу жарияланды.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы:

- Айыптау актісіне сәйкес, Пернебеков, Қырғызбаев және Таңатов көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыпталуда. Тілепбаев өз міндетіне адал қарамаған, көлік құралдарын сапасыз жөндеу және жалған құжат дайындағаны үшін, Пердебаев жалған құжат дайындағаны үшін айыпталуда.

Хабар 24 телеарнасы