356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жастарға арналған коворкинг орталығы жұмысын бастады

  • 496
БҚО-да жастарға арналған коворкинг орталығы жұмысын бастады

Батыс Қазақстан облысының Жаңабұлақ ауылында жастардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін коворкинг орталығы жұмысын бастады.

Орталықты тиісті құрал-жабдықтармен жабдықтауға қажетті қаржы аудан бюджетінен бөлінді. Орталық барлық қажетті жиһазбен жабдықталып, компьютермен жұмыс істеу бөлмелерімен және демалыс алаңдарымен қамтылған. Мұнда келушілер түрлі тақырыпты қозғайтын тренингтерге қатысып, интернет кеңістігінің барлық игіліктерін тегін тұтына алады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көмегімен жастардың рухани дамуына қажетті кітап қоры жасақталды. Балаларға арналған арнайы бұрыштың да өскелең ұрпаққа тигізер пайдасы мол болмақ. «Өз қызметін тегін ұсынатын мұндай коворкингтер әзірге, тіпті, Астанада да жоқ. «Сондықтан жаңабұлақтық жастар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей, орталық қызметін тиімді пайдаланғандары дұрыс», – дейді қоғам белсенділері.

Нұрлан Өтешев, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы: 

- Коворкинг ол тек демалатын, бірге уақыт өткізетін, ойнайтын, ән салатын орын ғана емес, онымен шектелмейді. Ең біріншіден, осында идеямен бөлісіп, жаңа бизнесті ашып, қарастырып, соны талқылап, аяғы бизнес жоспармен шығып жатса, күнде болмаса да аптасына бір бизнес-стартап ұсынып жатса, ол осы коворкинг толықтай өз функциясын атқарады деген ойдамын. 

Бекарыстан Аманжолов, Республикалық «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы төрайымының орынбасары:

- Өңірлердегі жастарға, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге қызығушылығын оятуға және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда, әлеуметтендіруде осындай бір игілікті бастамалар қажет. Ұмытпауымыз керек, замана ағысы тоқтамайды, өркениет көші жүре береді, осындай көште ілесуде жаңашылдық, тың ойлар, тың жобалар және тың орталықтардың болуы орынды.

Хабар 24 телеарнасы