352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында кәсіпкерлер аквапарк ашты

  • 430

Атырау облысындағы Жылыой ауданында жазғы демалыстың дәл қызған маусымында мың орындық аквапарк ашылды.

Өңірдегі жалғыз шағын қала – Құлсары халқы үшін бұл үлкен мақтаныш. Өйткені қалың бұқараға арналған мұндай демалыс орны бүгінге дейін облыс орталығында болған емес. Шетелден ілім-білімді меңгеріп келген жас кәсіпкерлердің алғашқы жобасы туған жеріне тарту етілді. Аумағы 2 гектарды қамтитын аквапаркте жүзу бассейні мен су аттракциондары, футбол, волейбол, үлкен теннис алаңдары мен балаларға арналған әткеншек, батут орналасқан. Жаңа нысанда 65 тұрғынға жұмыс орны ашылды. Оған қоса қоғамдағы әлжуаз топтардың барлығына өз қызметтерін тегін ұсынып отыр.

Әбдірахман Махатов, кәсіпкер:

- Құлсары қаласына саламыз деген жоспармен осы жобаны іске асырдық. Ал қазіргі уақытта осы кешендегі бассейндердің бәрі әлемдік деңгейдегі технологиямен жабдықталған. Біз қолымыздан келгенімізше жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылықтар жасаумен айналысып жатырмыз.     

Хабар 24 телеарнасы