352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында ашық айдында қалған 7 адам құтқарылды

  • 145
Қызылорда облысында ашық айдында қалған 7 адам құтқарылды

Қызылорда облысы Арал ауданында ашық айдында қалып қойған 7 адам құтқарылды.

Қамбаш көлі Аққұмшық жағажайында қалқымалы баржамен жүрген демалушылар 7 шақырым қашықтыққа кетіп қалған. Көлдің терең жағына қарай желдің күшімен ағып бара жатқан баржаны Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы жағаға жеткізді. Құтқарылған азаматтар медициналық көмек қажет етпеді.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы