352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да мөңке балығы қырылып жатыр

  • 162

Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында мөңке балығы қырылып жатыр.

Бүгінге дейін 350 келіден астам балықтың өлгені анықталды. Дәл осындай жағдай Күршім мен Көкпекті ауданы аумағында да тіркелген. Экологтар мұншама балықтың қырылуына көктемгі уылдырық шашудан кейін қандай да бір вирус тарауы себеп болуы мүмкін дейді. Алайда табиғат қорғау инспекциясының мамандары еш алаңдаудың қажеті жоқ екенін жеткізді. Олардың айтуынша, Бұқтырманың суы биологиялық талапқа сай және мөңке балығының табиғи популияциясы соңғы бірнеше жылда айтарлықтай артқан.

Талғат Рахымжанов, аумақтық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

– Уылдырық шашу кезеңінен кейін балықтар судың ауа райының лезде ыстық болу себебінен ауру туындады. Қазіргі уақытта басқа да мүдделі органдармен бірігіп, мониторинг жасап, бақылау жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы