352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жағажайдағы өртті кеме сөндіреді

  • 172
ШҚО-да жағажайдағы өртті кеме сөндіреді

Шығыс Қазақстан облысындағы түрлі демалыс аймақтарында өрт қауіпсіздігі сақталмай отыр.

Тек соңғы екі аптада Бұқтырма су қоймасының жағасында 100 шаршы метрден астам туристік нысан күлге айналды. Ал су жағысына демалуға келген тұрғындар өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Сондықтан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жағажайдағы өртті сөндіру үшін арнайы кеме шығарып, оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтады.

Бұқтырма су қоймасына ең жақын өрт сөндіру бөлімі 20 шақырым ауылда алда-жалда жағадағы нысандар тұтанса, өрт сөндірушілер жеткенше біраз уақыт кетеді. Сондықтан демалыс айлағын арнайы құрылғымен жабдықталған өрт сөндіретін кеме шықты.    

Өрт сөндірушілер мен кеменің дайындығын пысықтау үшін оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Жанып жатқан қайыққа 10 минутта жетіп, адамдарды құтқарып, өртті сөндіру міндеті жүктелді. Сондай-ақ жағажайға жайылған жалынды басып, орманға ілінген отты да оқшаулады. Бұл жерге өрт сөндіретін техникалар бара алмайды. 

Михаил Истомин, өрт сөндіру кемесінің капитаны:

- Жағадағы үйлердің бәрі бір-біріне өте жақын салынған. Жол да өте тар. Сондықтан арнайы көлік мүлде бара алмайды. Тек су арқылы ғана жетесің.

Өрт сөндіру кемесі күндіз-түні дайын тұрады. Өрт дабылы қағылса, капитан навигациялық жүйені іске қосып кемені қозғайды. Көмекшілері өрт сөндіру құралдарын дайындайды.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Бұл аумақта осыған дейін өрт болып, арнайы техникалар келгенше демалыс аймағында 100 шаршы метр нысан жанып кетті. Енді кемемен сөндіретін боламыз. Ол тәулік бойы кезекшілікте болады. Осы су айдынындағы кез келген жерге барады.

Өрт сөндіретін арнайы кеме қыркүйек айына дейін жағадағы қауіпсіздікті бақылайды. Ал мамандар апта сайын аусып тұрады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин 

Хабар 24 телеарнасы