363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да күрежолды жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады

  • 110
БҚО-да күрежолды жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Орал қаласынан Ресейдің Саратов облысының шекарасына дейінгі күрежолды жаңғырту жұмыстары екі жыл бұрын басталған еді.

Осы мерзімде белгіленген 100 шақырымның 27-сі салынып болды. Жыл соңына дейін жолдың қалған бөлігін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде халықаралық маңызға ие тас жолының ені 6 метрден 9 метрге дейін кеңейеді, өткізу мүмкіндігі 3 есе артып, тәулігіне төрт жарым мың көлікке жетеді. Себебі, аталған жол батыс пен шығысты жалғастыратын ең төте бағыт саналады. Жобаның жалпы құны 24 миллиард теңге болса, биыл қажетті қаржы толық бөлініп отыр.

Ерлан Қажымов, «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Келісімшарт бойынша жұмыстар толығымен биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде жол екінші техникалық санатқа ауысады. Өткізу кеденде жолақтар 8 жолаққа дейін көбейтіледі. Сол аймақта көліктердің, адамдардың өту мерзімі азаяды. Қазіргі таңда жұмыстар кестеге сай орындалуда.

Хабар 24 телеарнасы