352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары Семей тұрғындарымен кездесті

  • 253
Мәжіліс депутаттары Семей тұрғындарымен кездесті

Семей қаласында Елбасының бес әлеуметтік бастамасы талқыланды.

Халықпен кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов пен Ерлан Барлыбаев келді. Халық қалаулылары жақында Өскемен қаласында болып, аймақтың кәсіпкерлерімен кездескендерін мәлімдеді. Депутаттардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел басында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы жете түсіндіріліп, қатысушылардың ұсыныстары тыңдалды.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Бес бастамамыз елдің игілігіне жарайтындай болып атқаруымыз керек. Бұл тек қана Елбасы мен Мәжіліске ғана байланысты дүние емес, ол үшін құзырлы органдар, Ұлттық банк, басқа да мемлекеттік органдар қатысуы керек. Ал мемлекеттік органдарға халықтың талап-тілегін, үмітін жеткізетін – Мәжіліс депутаттары.

Хабар 24 телеарнасы