369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырдағы ұшырылымдар уақытша тоқтатылды

  • 183
Байқоңырдағы ұшырылымдар уақытша тоқтатылды Түркістан

Ресей Байқоңырдағы ғарыштық ұшырылымдарды қазан айына дейін тоқтатты, деп хабарлайды «РИА Новости» ғарыш айлағының ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бұл кезең алдағы үш айды, яғни шілде, тамыз және қыркүйек айларын қамтиды. Ал қазан айында «Союз МС-10» кемесі ғарышқа жол тартады деп күтілуде. Онан соң 1Прогресс МС-101 жүк кемесі мен Мысыр спутнигін ғарышқа шығару жоспарланған. Жыл басынан бері Ресей ғарышқа 9 мәрте зымыран ұшырса, оның бесеуі Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы