352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Тұран даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі

  • 128
Астанада Тұран даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі Sputnik Казахстан

Қала көшелеріндегі жолдарда кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Қорғалжын тас жолы мен Сарайшық көшелерінің аралығында жатқан Тұран даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Осыған байланысты 11 шілдеде сағат 22:00-ден бастап – 18 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады», делінген басқарма таратқан хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы