361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік саясатты қолдау үшін ISO стандарттары енгізіледі

  • 175

Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның 13 елінен келген сарапшылар Астанада бас қосты.

Олар мемлекеттік саясатты қолдау бойынша стандарттарды енгізу мәселесін талқылады. Сондай-ақ ISO-ның аймақтық семинарында халықаралық үлгі бойынша жұмыс істеудің артықшылығы экономикалық тұрғыда атап өтілді. Бұл – ел аумағының индустриялық-инновациялық дамуына әсер етеді. Бүгінде Қазақстан сапа стандарттары бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келеді. «Дей тұрғанымен, әлі де олардың өзектілігін арттыру қажет», – дейді мамандар. Айта кетейік, біздің елдің ISO-ның толық құқықтық мүшесі болғанына биыл – 24 жыл. Ал осы жылдан бастап ұйымның кеңесіне қатысатын болады.

Флоренс Николас, ISO-ның бас сарапшысы:

– Енгізілген стандарттар өте көп және оларды қолдану қажеттілігін арттыру маңызды. Әсіресе, техникалық бақылау стандарттары. Себебі олар елді мекеннің денсаулығы мен сапалы тамақтануға және еркін саудаға қатысты. Біз көтеріп отырған мәселелер дұрыс реттеу, сертификаттау және қадағалау болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы