359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана LRT» бұрынғы менеджментіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

  • 130
«Астана LRT» бұрынғы менеджментіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

«Астана LRT» басшысы Бекмырза Игенбердинов серіктестіктің бұрынғы менеджментіне қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысты пікірін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары осыдан 4 жыл бұрын «Астана LRT» бюджетінен 300 миллион теңге қаражаттың мердігер мекемелердің біріне аударылғанын анықтаған. Яғни қалыпты шектік мөлшерден 125 млн теңгеге асырып жіберген. Бекмырза Игенбердиновтің айтуы бойынша, бұл дерек мекеменің өз бастамасымен жасалған тексерістен кейін белігілі болған. Сондай-ақ ол қазір бұл іске қатысты күдікке ілінген адамдардың серіктестікте жұмыс істемейтінін де атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2014 жылы болған. Ол кезде «Астана LRT» басқармасы төрағасының қызметін Талғат Ардан атқарған.

Бекмырза Игенбердинов, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:

– Біз бұрынғы басшылықтың жұмысына жауап бере алмаймыз. Осыған қатысты тиісті мәлімдеме жасадық. Енді бұл іспен айналысып жатқан құзырлы органдардың қандай шешім шығаратынын күтеміз. Тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеуіміздің нәтижесінде сол кездегі жағдай белгілі бола бастады. Қандай жобалардың дұрыс немесе бұрыс болғандығы, бәрі анықталады.

Енді он күннен соң Астанада қоғамдық көліктерге теңгерімді тариф енгізіледі. Бұл туралы осы баспасөз мәслихатында тағы бір мәрте айтылды. Яғни 21 шілдеден бастап көлік картасын алмағандар үшін жолақы қалалық бағдар бойынша қатынайтын көліктерде 180 теңге, ал экспресс автобустарға 250 теңге болады. «Астана ЛРТ» мамандарының айтуынша, жолаушыларға көлік картасымен жүру тиімді. Картамен бұрынғы жол жүру бағасы сақталады. Сонымен қатар бір сағат ішінде қоғамдық көлікке ауысып отырсаңыз, тағы бір рет тегін жүресіз.

Хабар 24 телеарнасы