361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі бірнеше туристік жоба 2023 жылға дейін жүзеге асырылады

  • 179

Ішкі туризмді дамыту – ұлттық экономиканы дамыту.

Еліміздің туристік саласын өркендету амалдары Үкімет қабылдаған 2023 жылға дейінгі арнайы тұжырымдамада көрсетілген. Құжатта жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті, инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, маркетингті дамыту, сондай-ақ экономиканың басқа да секторларымен бірлесе жұмыс істеу, бай тарихи-мәдени мұра құру қарастырылған. Әсіресе, бірнеше туристік жобаны жүзеге асыруға ден қойылады. Олар Бурабай, Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алакөл, Шарын шатқалы, Каспий теңізіндегі демалысты дамытуға қатысты. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі 2 кезеңге бөлінген. Алғашқысы 2017-2019 жылдарды қамтиды. Ал екіншісі 2020-2023 жылдарға арналған. Бұл салаға инвестициялар тартып, оның дамуына бюджеттен тиісті деңгейде қаржы бөлінсе, туристерді орналастыруға арналған орындардың саны өсіп, олардың орташа демалыс мерзімі артады. Сондай-ақ екі қолға бір күрек табатындар көбейеді. Туристік сұраныстың артуы негізінен әкімшілік кедергілердің азаюына, жаңа туристік ұсыныстардың пайда болуына, көрсетілетін қызмет сапасының және ішкі туризмді ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдаудың өсуіне тікелей байланысты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы