359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ж.Бекшин: Біз қонақ үшін мейрамхана таңдағанда оның асүйінде не болып жатқанына қарамаймыз

  • 255

Шетел асқан ел азаматтары сақтық шараларына ерекше назар аударғаны жөн.

Себебі ел аумағына тырысқақ, күйдіргі, денге қызбасы, қызылша, дифтерия, менингит және коронавирустық инфекция сияқты аурулардың әкеліну қаупі бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір көптеген елдерде аталмыш аурулар бойынша қолайсыз эпидимиологиялық жағдай қалыптасқан. Тіпті биылдың өзінде Үндістаннан тырысқақ дертін жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Ал егер балаңызға қызылшаға қарсы вакцина салынбаса, Еуропаға шығудың қажеті жоқ дейді бас санитар. Жыл сайын қауіпті індеттен 150 мыңнан астам адам өледі, олардың басым бөлігі 10 жасқа дейінгі балалар. Бұдан бөлек, жазғы мезгілде ішек инфекцияларының кең етек жаюына байланысты тұтынатын өнімдердің сапасын мұқият бақылаған жөн. Әсіресе көпшілік жиналатын орындарда, мейрамханалардың ұсынатын тағамдарына баса назар аудару керек.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитарлық дәрігері:

- Біз ұйымшыл, қонақшыл халықпыз. Көп адам шақырамыз. Біз залдың әсемдігіне қараймыз, ал кухняға бармаймыз. Жағдай барма онда, тоңазытқыштар барма онда, қайда сақтайды. Және де тіпті жағдай болған ыстық су болмаған, бірақ онда той істеген. Әрине мұндай мәселені ең бірінші етіп қарау керек.

Хабар 24 телеарнасы