369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы 7 несие берілді

  • 583

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беріле бастады.

Бастама іске қосылған бірінші күннің өзінде баспаналы болуға ниетті азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен 7 келісім-шарт жасалған. Бұл туралы арнамызда өткен «Круглый стол» бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық ұйымының» басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 1 миллиард теңге көлемінде несие мақұлданып, жақын арада азаматтарға берілмек.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы:

- Біз осыдан 3-4 күн бұрын бағдарламаны іске қостық. Астана, Алматы, Ақтау, Орал қалаларында 7 несие берілді. Қазіргі уақытта бұл жобаға халықтан сұраныс жоғары. Күн сайын телефонға хабарласушылар көп, хаттар түсіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы