356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцария елімізбен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі

  • 122
Швейцария елімізбен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі

Швейцариялық бизнесмендер елімізге қаржы бағыттап, қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Бұл жөнінде Швейцарияның экономика, білім және зерттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманн мәлімдеді. Аталған тарап біздегі «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қаражат құймақ. Осы мақсатта министр бастаған бизнестің 20 шақты өкілі 4 күндік сапармен елімізге келді. Ашық және жабық есік форматында бірқатар келіссөздер өтіп, нақты келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Атап өтейік, бүгінде елімізде 40 шақты швейцариялық компанияның өкілдігі жұмыс істейді.

Йоханн Шнайдер-Амманн, Швейцарияның экономика, білім және зерттеу министрі:

- Елдеріңіздегі инвестициялық ахуалдың жақсы екендігін бұрыннан білеміз. Себебі Қазақстанға осыдан 5 жыл бұрын келгем. Экономиканы ілгерілетін жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына куәміз. Сондықтан біздің де бизнесмендер қаражат бағыттап, қос ел үшін тиімді жобаларды бірлесіп қолға алуға ниетті. Жиында көтерілген мәселелерді елімізге барып, министрлермен талқылаймыз. Сосын нақты қадамдар жасалады.

Хабар 24 телеарнасы