361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда менингитке қарсы вакцина егу жүріп жатыр

  • 154

Қажылық парызын өтеуге бекінген Жамбыл облысының тұрғындары Сауд Арабиясын бетке алмас бұрын менингитке қарсы епке салдыруы тиіс.

Қала емханаларының бірінде вакцинация салу жүріп те жатыр. 42 доза дәрмек сатып алынды. Соның жартысы екпе ретінде пайдаланылды. Дәрігерлер қажеттілік болмаса оны салдыру міндет емес екенін айтады. Жалпы өңірде соңғы 6 айда 2 адамның менингиттің қауіпті түрімен ауру дерегі тіркелді. Олар инфекцияны эпидемиологиялық кезеңде жұқтырған. Бірі 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болса, екіншісі  екі жасқа толмаған қордайлық нәресте. Нәтижесінде эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жедел жүргізіліп, науқастармен қарым-қатынаста болған 130-дан астам адам медициналық бақылауға алынды. 100-ден астам адам бактериологиялық жолмен арнайы тексеруден өткізілді. 

Күмісбек Рахимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда олардың барлығы екеуі де жазылып, емін алып, ауруханадан шығарылды. Қарым-қатыныста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауда болған. Олардың арасында клиникалық белгілері болмауына байланысты қазіргі таңда барлығы медициналық бақылаудан шығарылды. Эпидемия бізде болған жоқ. Жамбыл облысында ескерту деңгейін жариялау үшін бізде бір аптаның ішінде 34 жағдай тіркелу керек екен.

Хабар 24 телеарнасы