356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Media 2020: Еуропа-Азия байланысын нығайту мәселесі талқыланды

  • 163

Астанада «Media 2020» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Жиын барысында Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайту жайы талқыға түсті.

Шараның алғашқы сессиясы Медиа диалог. Оған «Орталық Азияға назар аудару» тақырыбы арқау болды. Оған қос құрлықтың ең ірі медиа компанияларының басшылары қатысып, пікір алмасты. Жиын барысында фейк яғни жалған ақпарат таратумен күрес жайы да сөз болды. Шетелдік сарапшылар дәстүрлі емес, БАҚ өкілдеріне сенетін аудиторияның саны көп екенін айтты. Үндістан радиосының бас директоры Фейяз Шех-рияр ақпарат таратуда Батыс пен Шығыс арасында  айтарлықтай айырмашылық  бар екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Батыстың жетекші ақпарат құралдары Шығыс елдерінде болып жатқан оқиғаларды халыққа объективті түрде жеткізбейді. Олар таратытын ақпарат көбіне ресми дерек көздерінен алынбаса керекті. Сол себепті қос құрлық өкілдері арасында осындай диалогтың болғандығы өте маңызды дейді. Ал Франц Медиамун компаниясының халықаралық қатынастары бойынша директоры Джон Макуайер бұл проблема  медиа нарықтың жекешелендірілуінің салдарынан дейді. Түйіткілдің түйінін тарқату  үшін жұмыла жұмыс істеп, БАҚ-тың халық алдындағы  сенімін арттыра түсу қажеттігі  айтылды.  Сонымен қатар жиында  «Хабар» Агенттігі» Акционерлік Қоғамы Басқарма төрағасы Алан Әжібаев та ордалы ойын ортаға салып, телеотбасы құрамындағы арналардың жұмысын таныстырды.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Бүгінде жалған жаңалық саны, оны тарататындар мен интернеттегі хайп көбейгені рас. Әлеуметтік медиа лезде қарқын алды. Соған қарамастан дәстүрлі БАҚ-тың ролі ерекше. Себебі дәл осы сала фейк жаңалықтардың жолын кесіп, оның үдей түсуін тежеп отыр. Қалай десек те ресми ақпаратқа негізделген жаңалықты жөн  көретін көрермен  аудиториясы қалыптасқан. Өйткені дәстүрлі БАҚ кез-келген жаңалықты жан-жақты зерттеп, нақтылап анық-қанығын барынша  көрерменге жекізеді.

Хабар 24 телеарнасы