352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қолы жоқ – орманы бар, өзі жоқ – арманы бар!

  • 187

Қос қолы іске жарамай қалса да, мыңдап тал екті.

Табиғатқа пана болды. Осылайша ерлік жасап, дүниеден озды. Александр Карпович есімді азаматты естіген боларсыз. Мүмкіндігі шектеулі жан саусақтары болмаса да, 10 мыңнан аса ағаш егіп, елді таңдай қақтырған еді. Ақмола облысы Ақкөл ауданында тұратын сол кейіпкеріміз бірер күн бұрын келмеске кетті.

Айдала. Айнала тым-тырыс. Баяғыдай қым-қуыт тіршілік жоқ. Жапандағы жалғыз үй Александрдың жалғандағы тұрағы болатын. Маңайы қазір құлаққа ұрған танадай. Мүлгіген тыныштық.

Мұрағатты қопарайық. Бұл 2015 жылдың күзі еді. Көргеніңіздей, қос қол білезікке дейін кесілген. Боранда саусақтарын үсітіп, мүмкіндігі шектелген Александр өмірден баз кешкен жоқ. Жігерін жасытпай, қайта қайратын қайрады. Сау адам істей бермейтін іс тындырды. Осы қалпымен айдалаға 11 мың көшет отырғызды. Игі ісін тоқтатқан жоқ. Жылдар сайын талдардың қатары көбейе түсті. Бұл – бір. Тартылғалы жатқан көлдің саясын кеңейтіп, балық жіберді. Екі. Ендігі арманы, көлді тазалап, маңын тағы да көгалдандыру болатын. Бірақ адамның дегені емес, маңдайға жазылғаны болады емес пе! Арманы асқақ Александр көздегеніне жете алмай, қатерлі ісіктен жуырда өмірден озды.

Марина Карпович, Александр Карповичтің жұбайы:

- Александр баламызға қайтарының алдында бір арманын айтыпты. Мына маңға тас қойып, оған: «мен адамдар үшін өмір сүрдім. Олар осы жерден менің ізімді көрсе екен» деп жазбақшы болған.

Шынымен, құдды адамдар үшін өмір сүргендей дерсіз. Қаладағы үйінен кетіп, айдала өмір сүрді. Мыңдап тал екті. Көлді кеңейтті. Кім үшін яки не үшін? Бұған бір ғана жауап бар. Ізгі істің барлығы Александрдың табиғатқа деген махабатынан орындалған. 

Александрдың көзі кетсе де артында ізі қалды. Ісі қалды. Марқұм көзі тірісінде 5 жарым гектар аумаққа 1 емес, 18 мың қарағай екен. Қол қолынан айырылса да. Бір қарасаңыз, байқалмас. Бірақ отырсаңыз мынадай көшетті көресіз. Осылайша шамамен 10 жылдасын ырғалған мына айдала ну орманға айналмақ.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы