352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі ескі телеграф ғимараты құлауы мүмкін

  • 147

Семейдің орталығында орналасқан алғашқы қазақстандық телеграф  ғимараты жойылуы мүмкін.

Жергілікті өлкетанушылар осылай дабыл қағуда. Жиырмасыншы ғасырдың ескерткіші  көп жылдан бері бос тұр «егер алдағы жылдары оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмесе, ғимараттың құлауы ықтимал» дейді мамандар.

Өлкетанушы Ольга Исаева бұл ғимараттың тарихын толық біледі. Телеграф ретінде 70-жылдардың орта шеніне дейін пайдаланған. Ол кезде аталмыш нысан қаланың ең көрікті сәулетінің бірі болған дейді. Кейін оның іші бірегей мұражайға айналды. Қазір босап қалған  ғимараттың қабырғасы опырылып, жөндеу жұмысын қажет етеді.

Ольга Исаева, өлкетанушы:

- Бұл нысан мемлекеттік қорғауында. Қазір жан-жағын түрлі құрылыстармен қысып тастаған. Бұл ғимаратты қайта қалпына келтіріп, тарихи ескерткіш ретінде сақтап қалу керек деп дабыл қағып келе жатқанымызға бірнеше жыл болды.

Ғимарат қазір апатты жағдайда. Тарихи нысанның жағдайымен қалалық мәдени бөлімінің мамандары да таныс. Дегенмен, оны жөндеу жұмыстары қаражат қарастырылмаған. Қазір нысан қалалық білім бөлімінің теңгерімінде тұр.  

Гүлжан Құдайбергенова, қалалық мәдениет бөлімінің инспекторы:

- Бұл ғимаратты жергілікті демеушілердің көмегімен қалпына келтіру деген шешім келген. Бірақ ондай құлшынып шыға қоятындай кәсіпкерлер жоқ.

Қазір жергілікті билік ғимаратты қалпына келтіруге ат салысатын демеушілерді іздестіріп жатыр. Өлкетанушылар «бұл нысан жақын арада жөндеуден өтпесе, құлап қалуы мүмкін» деп  отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Руслан Шакабаев, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы