352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өткен жиында трансшекаралық өзен-көлдер мәселесі талқыланды

  • 162

Алматыда Орталық Азия аймағындағы трансшекаралық өзен-көлдер жөніндегі көкейкесті мәселелер талқыланған жиын өтті.

Аймақтық кеңеске ТМД елдерімен қатар Ауғанстан, Моңғолия, Қытай мен Иран елдерінің экологтары мен сарапшылары қатысты. Олар су ресурстарын ысырап қылмай дұрыс пайдалану, суғармалы жерлердегі суару жүйесінің озық технологиялар тиімділігін арттыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар  ауылшаруашылығы мен өндіріс саласында суды игеруде экологиялық зардаптардың алдын алу мәселелерін көтерді. «Жалпы соңғы 30 жылда Орталық Азия аймағының барлық елдерінде  тұшы судың жетіспеушілігі анық байқалады. Сондықтан ортақ мәселені кеңесіп, келісіп шешу үшін осындай халықаралық бас қосудың маңызы зор» дейді сарапшылар    

Мұрат Бейсенов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлгі Су pесурстары комитетінің басқарма басшысы:

- Су ресурстарын бөлу, пайдалану жөніндегі біздің арамыздағы қарым-қатынас жылдан жылға нағайып келе жатыр. Соның нәтижесі ретінде су мәселесіндегі өзекті проблемалар өзінің шешімдерін тауып келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы