352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

  • 288
Б.Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Үкімет басшысы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен, Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен және денсаулық сақтау және спорт инфрақұрылымдарын жаңғырту шараларымен танысты.

Ақтөбе қаласының дамуымен танысу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысанында басталды.

Премьер-Министр цехте жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты.

Зауытты аралау барысында «ҚМЖЗ» ЖШС директоры А. Кашлаев зауытта өндірілетін өнім сапасының пайызы 96% асатынын айтты. Осылайша, өндіріс көлемі бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге шамамен 5 мың т құрады. Шығарылған құбырлар ұңғымадан сыртқа газ немесе сұйық флюидты тасымалдауға, бұрғылау кезінде және оларды одан кейінгі пайдалану үшін мұнай мен газ ұңғымаларын бекітуге, сондай-ақ суды, пайдалы қазбаларды және т.б. іздеу кезінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ блоктық-жиынтықты жабдық жол және құрылыс үшін битум мен мазут алуға, ал қондырғылар ұңғымаларды бұрғылауға арналған.

Бұдан өзге Б.Сағынтаевқа кәсіпорынды дамыту перспективалары туралы баяндалды. Шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жалпы инвестициялар көлемі 16 млрд теңге болатын және 100 жаңа жұмыс орнын құрумен «Көміртек күйесі өндірісі» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың т күйені құрайды.

Зауытты тексергеннен кейін Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев «Ақтөбе» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Ақтөбе» индустриялық аймағы 200 га аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда жеті жоба құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 29,4 млрд теңге сомасына 508 жаңа жұмыс орнын ашумен төрт жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы