352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында биыл суға кеткендердің басым бөлігі балалар

  • 143

Ертіс өңірінде судағы қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Шомылу маусымы басталғалы бері 12 адам суға кетті.

Олардың жетеуі бала. Бірнеше күн бұрын  Ертістен 55 жастағы ер азаматтың мүрдесі көтерілді, ал өткен демалыс күндері үш адам көз жұмды. Осыған орай сала мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, рейдтік шараларды күнбе күн жүргізуге кіріскен. Құтқарушылар санын арттырып, қоғамдық құтқарушыларды жұмылдырған. Қауіпсіздік шараларын төтенше жағдайлар қызметкерлері жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп қолға алған. Шілденің шіліңгір ыстығынан өзен-көлдерге ағылатын халықтың басым бөлігі қауіпсіздік ережелерінен бейхабар. Түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, нәтижесі көңіл көншітпейді. Облыс бойынша 192 көл бар. Су айдындарының ең ірісі Ертіс өзені. Барлық өзен-көлдерде жабдықталған жағажайдал жоқ, сол себепті су айдандарының жағалары жаз мезгілінде стихиялық шомылу орнына айналады. Әсіресе, Ертісті жайлаған елді мекендердің барлығы стихиялық жағаларда шомылады. Бұл аса қауіпті. Қайғылы оқиғалардың орын алуына, біріншіден, адамдардың қауіпсіздік мәдениетінің төмендігі. Екінші орында ресми түрде ашылған жағажайлардың тым аздығы.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

– Облыс бойынша 32 жағажай ресми түрде ашылу керек болған. Бүгінгі күні 26-сы ашылып, жұмыс істеп тұр. Сол 26 жағажайда құтқарушылар қызмет атқару үшін біз 99 қоғамдық құтқарушыны дайындадық. Олардың әрбір жағажайда бекеттері бар, үш адамнан. Күнделікті сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін қызмет атқарады.

Хабар 24 телеарнасы