352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО прокуратурасы қызметін адал атқармаған сот орындаушыларын лицензиядан айыруды сұрады

  • 119

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 4 жеке сот орындаушысын сот орындаушылар палатасының құрамынан шығаруды, ал біреуінің лицензиясын мүлде қайтып алуды сұрап отыр.

Оған түрлі заң бұзушылықтар себеп болған. Мысалы, сот орындаушылардың салғырттығынан 40 млн теңге борышы бар 26 азаматтың шет елге шығуына тыйым салынбаған, берешегі бар тұлғалар өз есепшоттарынан қаражатты еш кедергісіз алып жүрген. 256 атқару құжаты мүлікке тыйым салмастан және өндірілместен қайтарылған. Соның салдарынан бюджетке 4,7 миллион теңге түспеген. 11 мың борышкердің табысы, 3 мың борышкердің тыйым салынбаған мүлкі бар екені де анықталды.

Бауыржан Ахметжан, облыс  прокурорының аға көмекшісі:

- Осы тексеріс нәтижесінде бюджетке 60 млн теңге қайтарылды, үш сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Әкімшілік жауапкершілікке 12, тәртіптік жауапкершілікке 60 лауазымды тұлға тартылды. Әділет минстрлігіне палатадан 4 жеке сот орындаушысын шығару, бір жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы