356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты П.Казанцев Астанадағы Қаржы орталығының мамандарымен кездесті

  • 105
Мәжіліс депутаты П.Казанцев Астанадағы Қаржы орталығының мамандарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Астанадағы Қаржы орталығының мамандарымен кездесті.

Басқосуда білім беру саласына қатысты көптеген мәселе талқыланды. Сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету түйіткілі де назардан тыс қалған жоқ. Депутат жиналғандарға Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы мен «7-20-25» бағдарламасының тетіктері жайында баяндады. Естеріңізге сала кетейік, депутаттар 10 күн бойы ел өңірлерін аралап, түрлі ұжым қызметкерлерімен кездеулер ұйымдастырып жатыр. 

Павел Казанцев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ең алдымен біз жиналған жұртты Парламент сессиясының нәтижелері туралы хабардар етеміз. Өйткені олар қабылданған заңдардың көбін біле бермейді. Сондай-ақ жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды айтып береміз. Қандай да бір  сұрақ туындаса, оны жауапсыз қалдырмаймыз. Кездесуге келгендерден түсетін ұсыныстарды жазып алып, бұл ақпаратты болашақта заң шығару процесі кезінде қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы