369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында Басқұдық ауылына спорт кешені керек

  • 352

Маңғыстау облысының Басқұдық елді мекеніне балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені қажет.

Ауыл тұрғындарының өтінішін осы аймақта жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары тыңдады. Жеткіншектер меценат есебінен салынған шағын кешенде жаттығып жүр. 2015 жылы ашылған ғимарат бір мезгілде 30 адам қабылдайды. Қазір мұнда 750 оқушы спорттың 11 түрімен шұғылданады. Араларында грек-рим және қол күресінен Азия жеңімпаздары бар. 3 спортшы әлем жарысына қатысуға жолдама алған.

Тарас Хитуов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпкерлер ауылдық жерлерде спорттық кешендер салып жатыр. Дәл осындай спорт кешені біздің артымызда тұр. Бірақ бұл аз, соны көбейту керек. Әр баланың спортпен шұғындануына мүмкіндік беру керек. Ол бала ертең өседі, Қазақстанның атағын шығарады. Бәрі болмаса да, бірі әлем, Олимпиада чемпионы болады, сол мүмкіндікті балаға жасап беруіміз керек.

Өтеген Сәбитаев, Басқұдық ауылдық спорт мектебі директорының міндетін атқарушы:

- Халық өсімі өте көп селолық округ осы Басқұдық болып есептеледі, Мұнайлы ауданының ішінде. Бұл, әрине, тар. Біз қазір көптеген топтарымызды дайындау үшін мектеп залдарын, басқа да кешендерді пайдаланамыз. Осы орайда бізге жабық және ашық түрдегі алаңдар қажет. Олар салынып берілсе, бұдан көп балаларды қамтамасыз етеміз. Осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы