361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада биыл 50 көшеге жол салынады

  • 200

Келер жылдың соңына дейін Астананың ішкі және шеткері көшелерінің барлығы асфальтталады.

Әсіресе Илинка, Өндіріс тұрғын алабындағы 50 көше толықтай жаңартылмақ. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев осындай жоспарымен бөлісті.

Қалада бүгінге дейін жаңадан 15 көшеге жол салынды. Құрылыс одан әрі жүріп жатыр. Жер үйлер орналасқан аудандағы жолдарға толық асфальт төселді. Айталық, ұзындығы 400 метрдей Бозторғай, Тайқазан сынды қысқа жолдар енді баяғыдай шұрық-тесік емес. Тақтайдай тегіс.

Асқар Ахметов, қала тұрғыны:

- Жол салынып, бізге біраз жеңіл болды. Жолымыз кішкене тазарып, батпақ, кір деген азайды.

Асхат Қарағойшин, қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Былтыр біз 145 көше салдық. Илинка, Оңтүстік-Шығыс аудандарда. Биыл біздің жоспар – 50 көше. Әкімнің тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың аяғына дейін шеткі аудандардың бәріне асфальт салып бітіруіміз керек.

Ал бұл жөндеу емес. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін жаңадан салынып жатқан жолдың құрылысы. 6 жолақты, ұзындығы 3 шақырымдай болады. Кіші айналма жол пайдалануға берілген соң Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында көлік кептелісі азаймақ. Құрылысы бірер жылда аяқталады. 

Мақсат – алып шаһардағы транспорттық кептелісіті аязайту. Бұл – Елбасының тікелей пәрмені. Сондықтан бас қалада жол салу жұмысы алдағы екі жылда үдей түспек. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы