356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды

  • 196

Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бөлім жетекшісі міндетін атқарған Берікқали Мерей пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бүгін ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Күдіктіге сот алды тергеу ісін тоқтату үшін газ компаниясының басшысы Есеновтен 1 млн 700 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, күдікті 2016-2018 жылдар аралығында күйдірілген газды заңсыз шығару ісі бойынша Есеновтен бірнеше рет жауап алған. Жемқорлық ісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жәнібек Төребеков, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

- 2018 жылдың 11 шілде күні кешкі сағат 17:43-те облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бөлім жетекшісінің міндетін атқарған Мерей 1 млн 700 мың теңге параны алып жатқан жерінде ұсталды. Күдіктіні жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қылмыс үстінде ұстады.

Хабар 24 телеарнасы