352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордадағы 1901 жылдан бергі қолданыстағы көне сағат Ақмешіт музейінде сақтаулы

  • 172
Қызылордадағы 1901 жылдан бергі қолданыстағы көне сағат Ақмешіт музейінде сақтаулы

1905 жылы теміржол вокзалымен бірге салынған Ақмешіт музейінде ғасыр куәгерлері іспеттес жәдігерлер көп.

Мұражайға бас сұққан сырбойылықтар мен қала қонақтарын әсіресе 117 жыл бойы жүріп тұрған сағат қызықтырады. «Le Roi a Paris» сағаты 1901 жылы Францияда жасалыпты. Француз тілінен аударғанда, «Париж патшасы» деген мағынаны білдіретін бұл жәдігердің ұзындығы 1 метр шамасында. Қызыл ағаштан ойып жасалған сағат ерекше шеберлікпен құрастырылған. Сондай-ақ өткен ғасырдың басында Германияда жасалған фортепиано да құнды әрі сирек жәдігерлер санатында. Пернелері піл сүйегінен құйылған аспабтың ғасырлар өтсе де күйсандығы әуезге толы. Жалпы «Ақмешіт» филиалында 2000-ға тарта экспонат сақтаулы. 

Нұрлан Оспанқұлов, «Ақмешіт» музейінің ғылыми қызметкері:

– Біздің музейдің тарихы тек Қызылорда қаласына ғана қатысты. Ақмешіт бекінісі болғаннан кейінгі 1818 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді алады.

Хабар 24 телеарнасы