359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда түлектердің 50 пайызына жұмыс беруші компаниялар алғашқы еңбек кітапшаларын ұсынды

  • 144
Атырауда түлектердің 50 пайызына жұмыс беруші компаниялар алғашқы еңбек кітапшаларын ұсынды

Атыраудағы жоғары техникалық колледжді бітірген 260 жас маманға диплом мен халықаралық сертификаттар табыс етілді.

Ең бастысы түлектердің 50 пайызына жұмыс беруші компаниялар алғашқы еңбек кітапшаларын ұсынды. Канаданың халықаралық оқу бағдарламасымен білім алған жастар техникалық ағылшын тілін таза меңгеріп алған. Оған қоса, бұл мамандар осы заманғы озық технологияларға негізделген бағдарлама бойынша дәріс алып, ірі мұнай өндіруші компанияларда алғашқы еңбек тәжірибесінен өткен болатын. Осындай жетістіктердің арқасында колледж түлектерінің 80 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Осы уақыт аралығында аталған оқу орнынан 900-ден астам білікті маман өндіріске жолдама алған болатын. Жас мамандар енді кез келген әлемдік деңгейдегі компанияда шетелдіктермен тең дәрежеде, иық тіресіп жұмыс атқара алатындықтарына сенімді.

Ернар Телжан, колледж түлегі:

– Міне бүгін біз дипломымызды алдық енді. Үш жыл бойы оқуымызды оқыдық және бүгін бізге жұмыс беруші компаниялар бізге жұмыс берді, еңбек кітапшамызды алдық. Енді алдағы уақытта өндірісте өзімізді көрсетеміз деген ойдамыз.

Ғайса Ерғалиев, колледж түлегі:

– Мен өзім осы мамандығым бойынша мұнай зауыттарында жұмыс істеген болатынмын. Біз әлемдік деңгейдегі диплом алып жатқан себептен мен өте қуаныштымын. Біз техникалық ағылшын тілін үйренудеміз. Менің алдағы уақыттағы жоспарым оқуымды жалғастырғым келеді әрі қарай оқумен бірге жұмыс жасап, өз білімімді де арттырғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы