359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында балық аулау көлемі 17 мың тоннаға жетуі мүмкін

  • 152
Қызылорда облысында балық аулау көлемі 17 мың тоннаға жетуі мүмкін

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасы жүзеге асқаннан кейін балық аулау көлемі 17 мың тоннаға жетуі мүмкін.

Бұл туралы Қызылорда облысында өткен төртінші балықшылар слетінде айтылды. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасы тұралап қалған балық шаруашылығын дамытқаны сөзсіз. Кезінде тұз татып, балықсыз қалған теңізден бүгінде жылына 8 мың тонна су маржаны сүзіледі. Ал аймақтағы 8 балық өңдеу зауытының жылдық қуаты 11 мың тоннаға жетті. Сыр өңірінің балық экспорты жылына – 4 мың тонна. Осы жетістікке сүбелі үлес қосқан сала майталмандары слет барысында ескерусіз қалған жоқ. Арал теңізінің өткені мен бүгіні фотокөрме аясында көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгідей озық технологияның жоқ кезінде балықшылардың қолданған құрал-саймандары да көрме төрінен орын алды. Жалпы қазір Арал балығы Еуропа мен Азияда ерекше сұранысқа ие. Тіпті Ресейдің ең үлкен балық өңдеу зауыты да шикізатты Қызылордадан сатып алады.

Сергей Руденко, балық өңдеу зауытының директоры /РЕСЕЙ/

– Аралдың балығына Ресейде сұраныс өте жоғары. Оның себебі су айдынының тазалығымен байланысты болса керек. Және Арал балығы ерекше дәмді болып келеді. Одан бөлек, мұндағы балық өңдеушілер сапаға ерекше мән беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы