356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да Ә.Қашаубаевтың 130 жылдығы атап өтілді

  • 268
ШҚО-да Ә.Қашаубаевтың 130 жылдығы атап өтілді

Шығыс Қазақстанда Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы тойланды. Әншінің туған жері Ақбұлақ ауылына еліміздің түкпір-түкпірінен өнер жанашырлары жиналып, өнерпаздың рухына тағзым етті.

Ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естеліктер айтты. Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубайұлының өмір жолы мен шығармашылығы әлі де зерттелу үстінде.  Ал әндері мәңгілік мұра. Мерейтойға орайластырылған республикалық музыкалық фестиваль аясында Абай аспанында шарықтаған құнды туындылар бұған дәлел. Дүбірлі той қазақ күресі мен ат жарысқа ұласты. 

Жарқын Шәкәрім, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері:

- Қазақтың өнерін, ән өнерін шетелге кім танытты дегенде бірінші тек қана Әмірені айтуымыз керек. Қазіргі заманда шет елдерге шығып, әнді айтып жүрген адамдар өте көп. Бірақ Әміре алғаш рет 1925 жылы шығып, екінші орын алып, бүкіл дүниежүзін таңдандырып, сондай өнерімен асқақтандырып, қазақтың мәдениетін, өнерін аспанға шығарған адам ретінде саналады.

Хабар 24 телеарнасы